Қорғанысты күшейту нұсқаулығы Kaspersky Security Center бағдарламасын орнататын және басқаратын мамандарға және Kaspersky Security Center пайдаланатын ұйымдарға техникалық қолдау көрсететін мамандарға арналған.
Қорғанысты күшейту нұсқаулығы, бұзылу қаупін азайту үшін Kaspersky Security Center және оның құрамдастарын конфигурациялаудың ұсыныстары мен ерекшеліктерін сипаттайды.
Конфигурациялау алдында басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасау тапсырмасын немесе klbackup утилитасын пайдаланып, Kaspersky Security Center басқару серверінің сақтық көшірмесін жасаңыз және оны қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Қорғанысты күшейту нұсқаулығы келесі ақпаратты қамтиды:
Басқару серверімен жұмыс істеуді бастамас бұрын, Kaspersky Security Center бағдарламасы сізге Қорғанысты күшейту нұсқаулығының қысқаша нұсқасын оқуды ұсынады.
Қорғаныс күшейту нұсқаулығын оқып шыққаныңызды растамайынша, Басқару серверін пайдалана алмайтыныңызды ескеріңіз.
Қорғанысты күшейту нұсқаулығын оқып шығу үшін:
Қорғанысты күшейту нұсқаулығын әлі оқылмаған болсаңыз, оның қысқаша нұсқасы бар терезе ашылады.
Енді сіз Басқару серверімен жұмыс істей аласыз.
Қорғанысты күшейту нұсқаулығының жаңа нұсқасы пайда болғанда, Kaspersky Security Center оны оқуды ұсынады.
Басына оралу